KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, С
514.31 603.03 6.4

ШҚО-да «Қалқан-2025» оқу-жаттығулары өтіп жатыр

ШҚО ТЖД
ШҚО ТЖД
14.08.2025, 08:00 229 Төлеуғазы Жансая

13–15 тамыз аралығында Шығыс Қазақстанда еліміздің әр түкпірінен келген құтқарушылар, әскерилер мен түрлі сала мамандары бас қосып, «Қалқан-2025» атты ауқымды оқу-жаттығу өткізуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мақсат – төтенше жағдайлар туындағанда, әсіресе радиациялық және химиялық апаттар кезінде, қалай әрекет ету керегін тәжірибеде пысықтау. Бұл шараға Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, орталық және жергілікті органдар, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері, Шекара қызметі, Атом энергиясы агенттігі және Ядролық физика институтының мамандары қатысып жатыр.

Алғашқы күні-ақ облыстағы ірі өнеркәсіп орындарының бірінде шартты апат жағдайы жасалып, құтқарушылардың іс-әрекеті тексерілді. Себебі мұндай нысандарда жұмысшылар көп, ал қауіпті заттардың төгілу қаупі жоғары – бұл халықтың да, табиғаттың да қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Мамандардың айтуынша, оқу-жаттығу кезінде жиналған тәжірибе болашақта апаттың алдын алып қана қоймай, оның зардабын азайтуға да көмектеседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу