Оқу-жаттығу барысында 45 адам «құтқарылды»
Фото: ШҚО ТЖД
«Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында шығысқазақстандық құтқарушылар «Үміт сәулесі» мекемесінде жаттығу жұмыстарын жүргізді , деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жаттығу барысында 45 адам құтқарылды. Бұдан соң алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелері бойынша тәжірибелік сабақтар өткізіліп, науқастарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, мұндағы басты мақсат – авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді пысықтау екен.
– Төтенше жағдай кезінде адамдарды эвакуациялап, тілсіз жауды ауыздықтауға біршама уақыт жұмсалады. Сол себептен де мұндай жаттығуларды ұйымдастыру өз кезегінде өрт сөндірушілердің шапшаңдығын арттыруға септігін тигізеді, - деді тиісті сала мамандары.
Ажар Мұратқызы