ШҚО-да жол бойына қосымша санитарлық тораптар орнатылады
YouTube
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов аймақтағы жол бойы инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жайлы айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жол бойындағы сервистік қызметті жақсарту үшін жуырда Туризм министрлігінен облыс жолдарына қосымша 25 СГТ орнатуға қаржы бөлу сұралған. Туристік нысандарды көбейтіп, кірме жолдарды жөндеп, сервистік қызметті дамыта отырып, 2029 жылға қарай жыл сайынғы туристер ағынын 650 мың адамға жеткізу көзделіп отыр.
Биыл жол бойындағы сервистік қызметті жетілдіру мақсатында Катонқарағай, Күршім және Үлкен Нарын аудандары аумағындағы жолдарда қоғамдық тамақтану нысандарын салу үшін кәсіпкерлерге аукцион арқылы жер учаскелері берілмек.