ШҚО-да арнайы құрбандық шалу орындары анықталды
pixabay.com
6-8 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары бүкіл елдегі мұсылмандармен бірге Құрбан айт мейрамын атап өтеді. Айт намазы 6 маусым күні таңғы сағат 7-де оқылады. Бұл жөнінде ШҚО бас имамы Думан Сайфуллин Өскемендегі Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мейрамға дайындық аясында облыс қалалары мен аудандарында құрбан шалу рәсімін өткізуге арналған 12 ресми орын белгіленді. Барлық орындар жергілікті атқарушы органдармен келісілген және санитарлық талаптар мен қауіпсіздік нормаларына сай келеді.
Құрбан шалуға болатын орындар тізімі:
- Өскемен қаласы – Атығай асуы, Алматы – Өскемен тас жолының бойы (Ұлан ауданы аумағы, байланыс мұнарасының жанында);
- Риддер қаласы – Д. Қонаев атындағы мешіт ауласы;
- Алтай ауданы – «Тенар» шаруа қожалығы, Толстой көшесі, 4;
- Глубокое ауданы – «Шахан-Ата» фирмасы, Берестов көшесі;
- Зайсан ауданы – «Караван» базары, Байтов көшесі, 34;
- Катонқарағай ауданы – Абай көшесі, 82;
- Күршім ауданы – Абылайхан көшесі, 1;
- Самар ауданы – Аққала ауылы (Абай көшесі, 68) және Мариногорка ауылы (Пролетарская көшесі, 14);
- Тарбағатай ауданы – Ақжар ауылы, «Тәуке» мал сою алаңы, Рысқұлов көшесі, 82;
- Ұлан ауданы – Өскемен – Ұлан тас жолының бойындағы Атығай асуы;
- Үлкен Нарын ауданы – Үлкен Нарын ауылы, Горная көшесі, 8/1;
- Шемонаиха ауданы – Вокзальная көшесі, 236.
Ал Марқакөл ауданында биыл құрбан шалу рәсіміне арналған арнайы орын қарастырылмаған.
Мерекелік іс-шаралар жергілікті әкімдіктер мен діни бірлестіктердің тығыз өзара байланысы арқылы ұйымдастырылуда.