KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
519.61 610.13 6.54

Марқакөл курорттық аймағы көлден 15 шақырым жерде салынады

depositphotos.com

14.08.2025, 15:00 215 Жанаргүл Көкенайқызы

Шығыс Қазақстанда экотуризм мен этнотуризмді дамытуға айрықша мүмкіндік бар. Соның бірі — Марқакөлде жүзеге асырылатын халықаралық туристік жоба, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл жоба Қытайдың ШҰАА аумағындағы Қанас көлі мен Марқакөлді бір туристік бағытпен байланыстыруды көздейді. Екі көлдің арасы шекара арқылы жақын орналасқан.

– Қазіргі күні көлік басқармасымен бірлесіп, Марқакөлдегі халықаралық туристік жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Қанас пен Марқакөлдің арасына 88 шақырымдық жол салу қажет. Қазір инвестор іздеу және жобаны бекіту бойынша Көлік министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Шекараға жақын Қанас курорттық аймағына жыл сайын 5,5 млн-нан астам турист келеді. Солардың кем дегенде 8–9 пайызын Марқакөлге, Күршім мен Катонқарағайға тарта алсақ, бұл өңірге үлкен экономикалық серпін береді, – деді ШҚО туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Жобада ең бастысы – табиғи ортаны сақтау мәселесі назарға алынған. Сондықтан курорттық аймақ Марқакөлдің дәл жағасында емес, 12–15 шақырым қашықтықта бой көтереді. Демалушылар үшін көлге арнайы көлік қатынасы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, көл жағасында шабақ өсіру шаруашылығы ашылып, спорттық (әуесқой) балық аулау мүмкіндігі жасалмақ. Курорттық аймақта әртүрлі деңгейдегі қонақ үйлер, тамақтану орындары мен ойын-сауық нысандары салынуы жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу