KZ
Өскемен
туман жел 3 м/с, ОБ
495.2 522.34 4.94

Марқакөлде шекара бекеті ашыла ма?

6.09.2024, 12:05 134 Қызырбек Дүргінбайұлы

Ауданды дамытудың бір тетігі – сапалы жол. Шығыс өңіріндегі Жол жылы аясында Марқакөл ауданының жолы да жөнделген. Аймақ басшысы Марқакөл ауылынан Қытай шекарасына дейінгі төрт шақырым автокөлік жолын салу жөніндегі жобаны іске асыру мәселесін пысықтауды тапсырды. Бұған дейін облыс әкімдігі Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, Қытай еліндегі бейінді сала мамандарымен, Шыңжаң-Ұйғыр аймағы басшылығымен Теректі ауылына жақын шекаралық өткелді ұйымдастыру бойынша тиісті келіссөздер жүргізген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ағымдағы жылы облыста жолдарды қаржыландыру екі есе өскен. Марқакөл ауданы бойынша биыл жоспарланған 53 шақырым жолдың 47 шақырымы жөнделді.

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында келесі жылдан бастап еліміз бойынша кемінде 10 мың шақырым жолды жөндеуді тапсырды. Бұл жобадан біздің өңір де тыс қалмайды. Облыс әкімдігі Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, Қытай елінің өкілдерімен, Шыңжаң-Ұйғыр аймағы басшылығымен Теректі ауылына жақын шекаралақ өткелді ұйымдастыру бойынша тиісті келіссөздер жүргізді. Орынбасарым Бақытжан Байахметовке жолаушы көлігі басқармасымен, аудан әкімімен бірлесіп, Марқакөл ауылынан Қытай шекарасына дейінгі 4 км автомобиль жолын салу жөніндегі жобаны іске асыру мәселесін пысықтауды тапсырамын, – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу