KZ
Өскемен
-6°
плотный туман жел 3 м/с, С
505.53 593.44 6.34

Бүгін – Шекарашылар күні

18.08.2025, 08:00 223 Төлеуғазы Жансая

18 тамыз – Қазақстан Республикасы Шекара әскерінің құрылған күні. Бүгін ең батыл мамандық иелерінің бірі – шекарашылар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Күндіз-түні Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетіп, елдің мүддесін қорғауда әскери борышына адал болып жүрген азаматтардың мінсіз қызметі – қазақстандықтардың қауіпсіз өмірінің, бейбітшілігі мен тыныштығының кепілі.
Қазақстандық шекарашылар қойылған міндеттерді жоғары деңгейде орындап, кәсібилік, табандылық пен жауапкершілік танытып келеді.

Биыл Қазақстанның Шекара қызметінің құрылғанына 33 жыл толды. Қазіргі таңда күн сайын 10 мыңға жуық әскери қызметкер кезекшілікке шығып, ел шекарасының тұтастығын күзетуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу