KZ
Өскемен
-30°
туман жел 1 м/с, СБ
518.39 603.09 6.68

Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Фото: Өскемен қаласы әкімдігі

18.08.2025, 15:00 330 Төлеуғазы Жансая

Өскемен қаласында әкімнің жаңа орынбасары қызметіне Шакиров Мақсат Асанұлы тағайындалды. Бұл туралы Өскемен қаласы әкімдігінің ресми хабарламасында айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Шакиров Мақсат Асанұлы экономика жөніндегі сұрақтарға басшылық жасайтын болады. Ол еңбек жолын банк саласында бастап, кейін бизнес құрылымдарында табысты қызмет атқарды. Өскеменде бірқатар компанияларды басқарып, қаржы, экономика және құрылыс салаларында мол тәжірибе жинақтады. Үш жоғары білімі бар білікті маман», – делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, жаңа орынбасардың әр саладағы тәжірибесі қаланың экономикалық дамуына серпін бермек.

«Әр саладағы қызметінен жинақтаған тәжірибесі қаланың экономикалық дамуын жаңа сатыға көтеретініне сенімдімін. Мақсат Асанұлына берекелі қызмет тілеймін!» – деді Өскемен қаласы әкімі Алмат Ақышов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу