KZ
Өскемен
-4°
снег жел 7 м/с, Ю
517.66 606.49 6.44

Өскеменде пәтердегі өрттен ер адам құтқарылды

21.08.2025, 09:00 199 Төлеуғазы Жансая

 

Өскемен қаласында Ә.Қашаубаев көшесіндегі көпқабатты үйдің үшінші қабатында өрт шықты. Оқиға куәгерлері пәтерден қою түтін шығып жатқанын байқап, бірден құтқарушыларға хабар берген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оқиға орнына жедел жеткен ШҚО ТЖД бөлімшелері шамамен 2 шаршы метр аумақтағы өртті сөндіруге кірісті. Қауіпсіздік мақсатында баспалдақ арқылы түтінге толған кіреберістен тоғыз тұрғын эвакуацияланды.

Құтқарушылар түтін басқан пәтердің ішінен 1990 жылы туған ер адамды аман алып шықты. Ол ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі таңда өрттің себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, отты абайсыз пайдаланбауды және тұрмыстағы қауіпті жағдайларды дер кезінде жоюды ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу