Өскеменде екі күнге көлік қозғалысы шектеледі
Өскеменде Конституция күні мен қала күніне арналған мерекелік іс-шараларды дайындау және өткізуге байланысты автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Орталық көшелер жабылады. Атап айтқанда, Республика алаңы, Қазақстан даңғылы және оған іргелес жолдар уақытша жабылады.
Қала әкімдігінің ресми мәліметіне сәйкес алғашқы шектеулер 29 тамыз күні сағат 22:00-ден бастап енгізіліп, 30 тамыз сағат 23:00-ге дейін жалғасады. Осы кезеңде қозғалыс үшін жабылатын учаскелер:
- Республика алаңы (Нұрмағамбетов көшесінен Горький көшесіне дейін);
- Қазақстан көшесі (Горький көшесінен Қасым Қайсенов көшесіне дейін, оның ішінде Sulpak сауда үйі бойындағы жергілікті жол).
Сонымен қатар мереке күні – 30 тамызда сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін қосымша шектеулер енгізіледі:
- Қазақстан көшесі (Қабанбай батыр көшесінен Қасым Қайсенов көшесіне дейін, оның ішінде Sulpak сауда үйі бойындағы жол);
- Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Пермитин көшесіне дейін);
- Нұрмағамбетов көшесі (Чехов көшесінен Пермитин көшесіне дейін).
Қала әкімдігі тұрғындарды маршруттарын жоспарлағанда енгізілген өзгерістерді ескеруге және алдын ала айналма жолдарды таңдауға шақырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар мерекелік шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
Жүргізушілер мен қала тұрғындарына уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау ұсынылады, өйткені мерекелік бағдарлама ауқымды әрі әсерлі болмақ.
Фото нейрожелінің көмегімен жасалған
Дамир Омаров