Өскемен гарнизонының әскерилері Жолдауға қолдау білдірді
Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі
Өскемен гарнизонының әскери қызметшілері Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын тыңдады.
Мемлекет басшысы Жолдауында былтырдан бері жүргізілген ауқымды саяси реформаларға тоқталып, елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орныққанын, адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалып, әділдік пен заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
27943 әскери бөлімінің жеке құрамы далалық оқу-жаттығу жиынында, ашық аспан астында Президент Жолдауына қолдау көрсетті. Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы әскери бөлімнің жеке құрам арасында мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарында арнайы оқытылып, насихатталатын болады.