KZ
Өскемен
-25°
туман жел 1 м/с, С
514.31 603.03 6.4

ШҚО-да Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтары арт-терапиялық сабақ өткізді

Фото: ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД
10.09.2025, 11:30 215 Төлеуғазы Жансая

Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысының психологтары Ана мен бала орталығына барып, ерекше балалармен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мамандар балаларға ойын түрінде сабақ өткізіп, сурет салып, түрлі арт-терапиялық жаттығулар жасатты. Мұндағы мақсат – балалардың көңілін көтеру, позитивті ойлауына көмектесу және бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.

Шараға қатысқан бүлдіршіндер тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, белсенділік танытты. Ал психологтар тек ойынмен шектелмей, арнайы костюм киіп қойылым көрсетті, соңында сыйлықтар тарту етті.

Бұл игі іс – министрліктің «30 игі іс» жобасы аясында өткізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу