ШҚО-да қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл мен найзағай күтіледі
depositphotos.com
«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының дерегінше, 11 қыркүйекте облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ түсуі, дауыл соғып, найзағай ойнауы ықтимал. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Жел шығыстан және солтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың батысы, оңтүстігі мен орталығында жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен қаласында да кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні секундына 15-18 метрге жетуі мүмкін.
ШҚО ТЖД өңір тұрғындары мен қонақтарын абай болуға шақырады.