"Salyq кэшбэк" жобасы қайта іске қосылды

ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылдың 15 наурызынан бастап микро және шағын бизнес субъектілері берген бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері үшін сыйақы төлеуге бағытталған "Salyq кэшбэк" пилоттық жобасының қайта іске қосылатынын хабарлады.
Жобаның бірінші кезеңі оң нәтиже көрсетіп, берілген чектер саны 2 есеге, ал чектер бойынша сома 32%-ға артқан.
Жобаның екінші кезеңі төмендегі өңірлерде жүзеге асырылады:
- Өскемен қаласы (ШҚО)
- Жетіқара ауданы (Қостанай облысы)
- Жақсы ауданы (Ақмола облысы)
- Аршалы ауданы (Ақмола облысы)
"Salyq кэшбэк" жобасына қалай қатысуға болады?
- Тауар немесе қызмет үшін төлем жасап, фискалдық чек алу
- "Amian" мобильді қосымшасында чектің штрих-кодын сканерлеу
- Сатып алу сомасының 2% мөлшерінде ақшалай сыйақы алу
Сыйақылар "Amian" қосымшасы арқылы есептеледі, оны App Store және Google Play платформаларынан жүктеуге болады.
Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерді бақылау-касса машиналарын белсенді қолдануға және тұтынушыларға фискалдық чек беруге шақырады.