KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 1 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Жасанды интеллект 50 мыңнан астам жұмыс орнына ұсыныс жасады

depositphotos.com

14.09.2025, 09:00 211 Төлеуғазы Жансая

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында биыл сәуір айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Enbek.kz» электронды еңбек биржасына жасанды интеллект көмегімен жұмыс іздеушілерге бос орындарды автоматты түрде ұсыну жүйесін енгізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

1 қыркүйекке дейін ЖИ 50 мыңнан астам ұсыныс жасаған. Жүйе түйіндемелер мен бос жұмыс орындарын талдап, мамандық, күтілетін жалақы, тұрғылықты өңір және кәсіби дағдыларды ескеріп, ең қолайлы нұсқаларды ұсынады. Мұнда табиғи тілді өңдеу және машиналық оқыту технологиялары қолданылады.

Жоба жұмыс берушілер үшін де тиімді болды: түйіндемелерді өңдеу уақыты небәрі 2 секундты құрайды, ал қолмен вакансия іріктеу процесі 80%-ға қысқарды. Алдағы уақытта жасанды интеллектті қолдану арқылы бұл көрсеткішті 90%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Бұл бастама жұмыс іздеу мен кадр таңдауды жеңілдетіп, еңбек нарығында заманауи технологиялардың мүмкіндігін кеңінен пайдалануға жол ашуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу