KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Өңірлік іздеушілер форумы: жанкешті іздеу жұмыстары жалғасуда

Фото: Жібек Нұрахмет
Фото: Жібек Нұрахмет
12.09.2025, 14:00 193 Серік Құсанбаев

Өскемендегі О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» өңірлік іздеушілер форумы өтті. Форум аясында «Тапқанша іздеймін» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, соғыс жылдарында із-түзсіз жоғалған жауынгерлерді іздеуге арналған іс-шаралар мен жобалар талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шара барысында іздеушілік жұмыстың маңыздылығы мен қоғам үшін пайдасы ерекше атап өтілді. Форумда баяндама жасаған мамандар іздеушілік жұмыстың кедергілерге қарамастан нәтижелі болып келе жатқанын және атқарылған жұмысты насихаттаудың маңызды екенін айтты.

Өскемен қаласы әкімдігі іздеушілік жұмыстарының белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтіп, ерлікті еске алуға қосқан үлес ретінде марапаттар табыстады.

Іс-шара барысында соғыс жылдары жазылған өлеңдер оқылып, патриоттық әндер орындалды. Форумның басты мақсаты – тарихи естеліктерді сақтау, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу және із-түзсіз кеткен жауынгерлерді іздеудегі жанкешті еңбекті дәріптеу.

Бұл іс-шара өңірдегі іздеуші топтардың жұмысының қоғам үшін маңыздылығын көрсетуге, сонымен қатар іздеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. 

Форумның қорытындысы бойынша қатысушылар арасында тәжірибе алмасу жүргізіліп, жаңа іздеу жобаларын іске асыру жолдары қарастырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу