ШҚО-да найзағай мен екпінді жел күтіледі
"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының хабарлауынша, 17 қыркүйек күні күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғып, облыстың батысы, шығысы мен оңтүстігінде екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетпек. Өскемен қаласында да күндіз найзағай күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды ауа райына барынша сақ болуға шақырады.
Найзағай кезінде үйде болған жөн, терезелерді, есіктерді және түтіндіктерді жабыңыз, электр құрылғыларын қуат көзінен ажыратып, пайдаланбаңыз. Металл қоршаулардың, шатырлардың немесе өзге де электр өткізгіш заттардың қасында тұрмаңыз. Желдің екпіні кезінде сымдарға және тербелетін заттарға жақындамаңыз, аялдамалардың артына, ағаштардың астына тығылмаңыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" нөміріне хабарласуға болады,- делінген ресми хабарламада.
Оқи отырыңыз