ШҚО-да найзағай мен өрт қаупі күтіледі
altainews.kz
«Қазгидромет» ШҚ филиалының хабарлауынша, 21 тамыз күні күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Сондай-ақ оңтүстік-шығыстан соққан жел бағытын өзгертіп, оңтүстік-батыстан соғады. Оның жылдамдығы күндіз облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с жетпек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мамандардың айтуынша, өңірдің оңтүстігінде жоғары өрт қаупі де сақталады. ШҚО ТЖД тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
Металл қоршаулардың, шатырлардың және басқа да электр өткізгіштердің жанында тұрмау қажет.
Өрттің алдын алу үшін үйлер мен саяжайлардың жанында от жақпауға, құрғақ шөп өртемеуге шақырады. Әрбір саяжайда алғашқы өрт сөндіру құралдары болуға тиіс. Сондай-ақ автокөліктен сөндірілмеген темекіні немесе әйнек ыдысты тастауға болмайды.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда «112» бірыңғай құтқару қызметіне хабарласу қажет.