Шығыста найзағай мен бұршақ күтіледі

pixabay.com
«Қазгидромет» Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 29 сәуір күні күндіз өңір аумағында найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғып, облыстың солтүстік және шығыс бөлігінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен қаласында да күндіз найзағай болжанып отыр. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғып, жылдамдығы 15-20 м/с болады.
ШҚО ТЖД тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
«Найзағай кезінде үйде қалуға кеңес береміз. Бұл ретте терезелер мен есіктерді, түтіндіктерді жабу, барлық электр құрылғыларын тоқ көзінен ажыратып, пайдаланбау қажет. Металл қоршаулардың, шатырлардың және басқа электр өткізгіш заттардың жанында тұрмаған дұрыс. Жел екпіні кезінде сымдарға және тербелетін нысандарға жақындамаңыз, сондай-ақ автобус аялдамаларының артына немесе ағаштардың астына жасырынбаңыз. Қауіп төнген жағдайда дереу "112" нөміріне хабарласыңыз», – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз