Шығыс Қазақстанда Осинов асуын айналып өтетін ең биік таулы көпір салынып жатыр
Шығыс Қазақстанда бірегей инфрақұрылымдық нысан – еліміздегі ең биік таулы көпірдің құрылысы жүргізілуде. Жаңа жол бағыты жүргізушілерге Алтайға қарай қауіпсіз жетуге мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Көпір Пихтовка маңында салынып жатыр. Оның ұзындығы – 175 метр, биіктігі – 42 метр. Таулы жер бедері мен құбылмалы ауа райы құрылысқа қиындық туғызуда. Соған қарамастан жұмыстар белгіленген кестеге сай атқарылуда.
Көпірдің жанында арнайы шолу алаңы мен жол бойындағы сервис нысандарын салу жоспарланған. Бұл аймақтың туристік тартымдылығын арттырып, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасамақ.
Жоба қазірдің өзінде өңір үшін маңызды оқиғаға айналды. Жергілікті тұрғындар мен көлік жүргізушілері оның аяқталуын асыға күтуде.
Наргиз Еркінбекова
Аударған: Қуаныш Рахметоллаұлы
Фото/видео: Махаббат Ахметжанова









