Жобаның құны 157,249 миллион теңге. Мешіттің жанындағы жаяу көпір қашан аяқталады?
Өскемендегі Халифа Алтай мешіті маңындағы жолдың үстінен тағы бір жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынып жатыр. Жобаның құны 157,249 миллион теңге, деп хабарлайды YK-news.kz.
Мердігер мекеме Сәтпаев даңғылындағы көпір жұмысын осы қараша айында бастады. Көпірдің биіктігі 6 метр, ұзындығы 38,1 метр болады.
Бұған дейін қаладағы ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жоба құны 157,249 миллиона теңге екенін хабарлаған. Сондай-ақ жұмыс тамызда басталып, желтоқсанның соңына дейін аяқталуға тиіс екенін мәлімдеген.
Айта кетейік, дәл осындай көпір Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлектика манежі маңында да салынды. Ал Спорт сарайы жанындағы көпір ұзартылып жатыр. Әзірге белгілі ақпараттарға сенсек, осы көпір арқылы «Даниель» сауда үйіне үшінші қабаттан тікелей еніп кетуге болады.