KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Еліміздегі ең үлкен көпір құрылысы қашан аяқталады?

12.06.2024, 10:06 138 Ләззат Қанатқызы

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең үлкен көпір құрылысы әлі де жалғасып жатыр.

Бүгінде көпір іректерін салу жұмыстары 81 пайызға орындалған. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

- Жыл соңына дейін Қазақстандағы ең үлкен көпір — Бұқтырма су қоймасы арқылы құрылысты аяқтау көзделген. Көпірдің жалпы ұзындығы - 1316 метр, - деді ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев.

Қазіргі уақытта көпір тіректерін салу жұмыстары 81 пайызға орындалды. Атап айтқанда, 21 тіректің 17-сі салынды, қалған төрт тіректе жұмыс жалғасуда.

Қазіргі уақытта уақытша технологиялық көпірдің құрылысы толығымен аяқталды. Бұл аталған құрылыс жұмыстарын орындау үшін қажетті алаңдармен қамтамасыз ететін аумақ. Кірме жолда жер төсемін орнату және құм-қиыршық тас төсеу жұмыстары аяқталды. Алдағы уақытта жалғасатын құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған барлық қажетті материал дайын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу