ШҚО-да 113 мың шырша көшеті отырғызылады
pixabay.com
19 қыркүйекте республика бойынша өтетін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Глубокое ауданында үлкен орман отырғызу жұмыстары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл күні «Мало-Уба орман шаруашылығы» аумағында 113 мың сібір шыршасының көшеті отырғызылмақ. Іске еріктілер, қоғам белсенділері атсалысады.
Айта кетейік, көктемде де осындай шара өткен болатын. Сол кезде еріктілер Марқакөл ауданындағы орман шаруашылығында 30 мыңнан астам көшет отырғызуға көмектескен еді.
«Таза Қазақстан» – елдің жасыл қорын көбейтуге, табиғатты қорғауға бағытталған маңызды бастама. Бұл акцияға қатысу – әр азаматтың экология алдындағы жауапкершілігін көрсетеді.