EuroSkills сайысында бас жүлдені иеленген өскемендік студентті жерлестері қошеметпен қарсы алды
Қазақстанның ұлттық құрамасы Данияның Хернинг қаласында өткен кәсіби шеберліктің IX Еуропалық чемпионаты – EuroSkills Herning 2025 сайысында тарихи жетістікке қол жеткізді. Олар жеті «Үздік медальонды» иеленді, соның бірін өскемендік Артем Мочинский жеңіп алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Артем бұл марапатқа «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша командалық сайыста қол жеткізді. Ол – Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті.
Оның айтуынша, құрамамен бірге психологтар және ағылшын тілі мұғалімдері де жұмыс істеген, себебі жарыстағы барлық тапсырмалар ағылшын тілінде берілген.
Максим Мамаевтың сөзінше, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенттері мұндай чемпионаттарға бұған дейін де қатысып жүрген. Мысалы, өткен жылы Францияның Лион қаласында өткен әлем чемпионатына қатысқан, бірақ ол кезде жүлдеге ілікпеген. Биыл Артем сол олқылықтың орнын толтырды.
Артем болашақта қозғалыс басқару жүйелері саласында білімін жалғастырып, осы бағытта бағдарламалаушы болып жұмыс істеуді жоспарлап отыр.
Дмитрий Чжан
Фото/видео: Махаббат Ахметжанова











