KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

Шығысқазақстандық биатлоншылар жеті медаль жеңіп алды

4.04.2024, 09:52 115 Нұржан Кенжеұлы

Щучинск қаласында мәресіне жеткен биатлоннан ел чемпионатында шығысқазақстандық спортшылар тамаша өнер көрсетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағандай, жерлестеріміз жеті медаль жеңіп алды.

Биылғы ел біріншілігіне қатысқан спортшыларымыздың арасында, әсіресе жасөспірімдер жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтсақ, ұлдар арасындағы спринтте бақ сынаған Артем Афанасьев қарсылас шақ келтірмей, бірінші орынды жеңіп алса, Евгений Литвинов екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті тағы бір жерлесіміз Егор Гребенщиков түйіндегенін айтқан жөн.

Дәл осы жастардың екеуі Супер спринт жарысында да үздіктер қатарынан көріне білді. Тек бұл жолы жеңіс тұғырының ең биік сатысына Егор Гребенщиков көтерілсе, Артем Афанасьев екінші орынды қанағат тұтты.

Сондай-ақ, Ақмола жеріндегі додада әйелдер жарысына қатысқан Ольга Полторанинаның да қанжығасы майланды. Алдымен спринт сайысында үшінші орынды жеңіп алған риддерлік биатлоншы артынша Супер спринтте де дәл осындай жетістікке жетті.

Фото: ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасы

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив