Өскеменде көпқабатты үйдегі өрттен ер адам құтқарылды
pixabay.com
Өскемен қаласында Е.Славский атындағы Жағалау көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің 10-қабатындағы пәтерде өрт шықты. Балконда тұрған диван өртенген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 1975 жылы туған пәтер иесін түтін басқан бөлмеден қауіпсіз жерге алып шықты. Ер адамды жедел жәрдем қызметкерлері тексеріп, медициналық көмек қажет еместігін анықтады.
Жалын 2 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт санаулы минутта толық сөндірілді. Қазіргі уақытта себептері анықталуда.
ТЖМ мамандары азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, тұрмыстық жағдайда отты абайсыз қолданбауға шақырады.
Видео: ҚР ТЖМ