KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
514.31 603.03 6.4

ШҚО-да найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі

20.09.2025, 08:00 162 Төлеуғазы Жансая

«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 20 қыркүйекте күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл соғуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мамандар тұрғындарға аса мұқият болуды ескертеді. Автокөлік жүргізушілеріне жылдамдықты шектен асырмай, қашықтықты сақтаған жөн. Найзағай кезінде үйде болған дұрыс: терезе, есік және түтіндік жабылып, электр құрылғылары желіден ажыратылуы керек. Сондай-ақ металл қоршаулардың, төбелердің немесе электр өткізгіштердің жанында тұрмаған абзал. Дауыл соққан сәтте сымдарға, тербелетін заттарға жақындамау, аялдама артында немесе ағаштардың астында жасырынбау қажет.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда «112» телефонына хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу