«Ауыл тағдыры — ұлт болашағы» экспедициясы Шығыс Қазақстан облысында жалғасуда
«Qazaqstan dauiri» халықаралық газетінің «Ауыл тағдыры — ұлт болашағы» экспедициясы өңірлерді аралап, ауылдағы өзекті мәселелерді, ұлттық құндылықтардың сақталуын және ақпараттық сауаттылықты арттыру бағытында жұмыстар жүргізуде. Экспедиция мүшелері Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінде бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz.
Кездесуге басылымның бас директоры, танымал журналист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы, «AMANAT» партиясы ШҚО филиалы төрағасының міндетін атқарушы Аманбай Нұркенов, ШҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, сондай-ақ аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат және білім бөлімдерінің өкілдері қатысты.
Жиын барысында рухани ұлттық құндылықтарды сақтау, жастарды кітап пен газет-журнал оқуға ынталандыру мәселесі талқыланды. Сәуле Мешітбайқызы ауылдың болашағы мен ақпараттық мәдениет тақырыбында өз ойын ортаға салды.
Кездесуде ауыл жастарының ақпаратқа қолжетімділігі және олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырудың жолдары талқыланып, бірлескен жобалар іске асыру жайлы ұсыныстар қарастырылды.
Экспедиция жұмысы аясында тағыда бірнеше кездесулер өткізу жоспарланған.








