KZ
Өскемен
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.42 531.39 5.04

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтті

8.09.2024, 22:00 69 Қуаныш Рахметоллаұлы

Елордада күздің басты спорттық шарасы басталды.  Ашылу салтанатының құрметті қонақтары Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан  Республикасы, Түрікменстан, Моңғолия президенттері, Татарстан және Саха республикасының басшылары, сондай-ақ Дүниежүзілік этноспорт Конфедерациясының Президенті Билал Ердоған, БҰҰ өкілдері болды. Ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарының туын шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әнұранын орындау рәсімінен басталды. 89 ел, 2500 мың қатысушы  Астана Арена стадионында   шерумен өтті.

Салтанатты шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған жұртшылыққа жылы лебізін білдіріп өтті.

“5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барлық қатысушыларына зор алғысымды білдіремін.Көшпелі мәдениет адамзат тарихында өшпес із қалдырды, өз заманынан бұрын жаһандық өзгерістер енгізді. Бес мың жыл бұрын көшпенділер жылқыны қолға үйретіп, атқа міну мәдениетін қалыптастырды. Дала шеберлері қару-жарақ пен керемет зергерлік бұйымдардың озық үлгілерін жасады. Бұған айқын дәлел – сақ кезеңінен табылған "алтын адамдар". Көшпелі өркениет-нағыз ежелгі өркениет. Негізінде, көшпелі халықтар барлық дерлік континенттерде кездеседі, олардың іздерін Еуропада, Азияда, Африкада және Америкада табуға болады. Көшпенділердің ортақ мәдениеті, рухани байлығы, құндылықтары бар, бірақ барлық көшпелі халықтарды біріктіретін ең бастысы – бостандық рухы, - деді  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ДКО-н Көшпенділер олимпиадасы деп атады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің төрағасы Роман Скляр мен Дүниежүзілік этноспорт Конфедерациясының Президенті Билал Ердоғанда дүбірлі доданы өткізуде ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

“Біз ойындарды жоғары деңгейде ұйымдастыруға бар күшімізді салдық. Әлемнің 20 елінен келген 1600 еріктіге алғыс айтамын. Әрине, көшпенділердің 5-ші дүниежүзілік ойындары әлемге тағы да ғасырлар бойы қалыптасқан халықтарымыздың келісімі мен бірлігін, рухани құндылықтарын, адал достығы мен татулық байланысын көрсетеді”, - деді Роман Скляр.
“ Құрметті қатысушылар, достар және көрермендер, сіздерді құттықтаймын! Біз Астананың биылғы жылы ДКО  қабылдағанына қуаныштымыз. Қазақстан ең үлкен су тасқынынан аман қалды, бірақ барлық қиындықтарды жеңіп, ойындарды жоғары деңгейде ұйымдастырды. Біздің тарихи ойындарымыз мәдениеттерімізді одан әрі  дамытты. Бірліксіз бейбітшілік пен келісім болмайды, - деді ел басшылығы және ойындардың барлық қатысушылары Білал Ердоған.

Ашылу  салтанаты әрі қарай театрландырылған қойылыммен жалғасып,  көрермендерді көшпенділер дәуіріне алып келді, олардың қалыптасуы мен дамуын көрсетті.

Айта кетейік 6 күндік халықаралық спорттық жарыстарға, сондай-ақ мәдени және ғылыми бағдарламаларға қатысу үшін көшпелі емес халықтардың өкілдеріде келді.

ДКО  адамзат өркениетінің мұрасы ретінде этноспорттық және этномәдени қозғалысты дамытуға бағытталған.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив