KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Білікті кәсіпкер, іскер әйел

2.05.2024, 14:30 192

«Әйел – қырық шырақты» дейді дана халқымыз. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен нәзік жандылар ел экономикасының дамуына да өз үлесін қосып келеді. Әсіресе кәсіпкерлік жұмыстарында бақтары мен іскерлігін ұштауда қыз-келіншектер тартынып жатқан жоқ. Оған мысал - өскемендік кәсіпкер Меруерт Тоқтарова, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қаласында дүниеге келген іскер әйел бүгінде бір емес, бірнеше мектепке дейінгі білім беру мекемелерін  ашып, ел игілігіне берген.

Облыс орталығында бүлдіршіндердің балабақшамен толықтай қамтылуы, орын саны өзектілігін жойған емес. Осы олқылықтың орынын толтыру үшін Меруерт Тоқтарова коммерциялық балабақша ғимараттарын сатып алып, күрделі жөндеу жүргізеді.

- Жаңадан салған балабақша ғимараттары да бар. Алғашқы бөбекжайымыз 2014 жылы есігін айқара ашып, қолданысқа берілген болатын. Содан бері 10 жыл уақыт өтті. Шаһарымыздың әр ауданында балабақша ашып, орын тапшылығын жоюға атсалысып келеміз. Бүгінде біз ашқан мектепке дейінгі білім беру орталықтарында 1000-ға жуық бала тәрбиеленіп жатыр, - дейді кәсіпкер.

Қазіргі күні ол 150 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Еңбектің бағаланғаны қашанда жақсы ғой. Бүгінде кәсіпкердің төккен теру мен еткен еңбегі бағаланып, облыс, қала әкімдерінің Алғыс хаты және «Құрмет» грамотасымен марапатталған. Сондай-ақ және "Өскемен қаласының дамуына қосқан айрықша үлесі үшін" ордені және 2016 жылы "Үздік әйел кәсіпкер" атағы табысталыпты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу