KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Семейде маскасыз жүрген 14 адамға айыппұл салынды

28.03.2021, 13:01 260

Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларын бұзудың 28 фактісі тіркелді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Өңірде арнайы құрылған мониторингілік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде. 

26 наурыз күні Өскеменде 310 нысан тексерілген. Нәтижесінде карантин талабын бұзудың 12 фактісі анықталды. Сондай-ақ бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша 350 040 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Семейде тексеру барысында 314 нысан қамтылған. Сауда үйлері мен базарларда маска режимін бұзған 14 адам тіркелді. Бұдан бөлек, бұқаралық іс-шара ұйымдастырғандар анықталған. 510 475 теңге сомасына 5 хаттама толтырылып, 87 510 теңге мөлшерінде 2 айыппұл өндірілді. Риддер қаласында мониторингілік топтар 74 нысанды аралап, маска режимін бұзудың екі фактісін анықтады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу