KZ
Өскемен
-8°
туман жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Жаздағы жағдайдың қайталану қаупі жоғары - Тоқаев коронавирус туралы

18.03.2021, 17:39 228

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2020 жылдың жазында болған коронавирусқа қатысты жағдай қайталануы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тоқаев пандемия басталғаннан бері бір жыл өткеннен кейінгі елдегі тұрақсыз эпидемиологиялық ахуалды айтты. Президент бірқатар мемлекет коронавирустың жаңа штамдарынан туындаған үшінші толқын өршігенін мойындап отырғанын айтты. Әлемде, оның ішінде Қазақстанмен көршілес мемлекеттерде де коронавирус инфекциясының таралуы өршіп жатқанын ескертті.

"Қазір Алматы "қызыл" аймақта. Сондықтан бұл маңызды отырысты онлайн форматта өткізуге мәжбүрміз. Бұл жағдайдың ауырлығын көрсетеді. Қазірдің өзінде ауыр науқастар санының өсуі және реанимациялық төсек-орындардың толғаны байқалады.

Бұл ретте азаматтардың эпидемиологиялық сақтық шараларын ұстамай, халық пен кәсіпкерлер тарапынан босаңсу байқалады. Сондықтан жаздағы жағдайдың қайталану қаупі жоғары. Әрине, бәрі тек дәрігерлер мен денсаулық сақтау жүйесіне байланысты емес. Сондықтан мен тағы да отандастарымды ұстамдылықты жоғалтпауға, барлық сақтану шарасын ұстауға, коронавирусқа қарсы жаппай вакцинацияны қолдауға шақырамын", - деді Президент 17 наурызда Алматыны дамыту жөніндегі кеңесте.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцинациялауға қатысты үндеу жасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу