KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Президенттің тазылары туралы мәлімет жарияланды

10.03.2021, 10:39 323

8 наурыз күні әлеуметтік желіде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазы ертіп серуендеп жүрген суреті жарияланған. Ақорда баспасөз қызметі жүйрік иттердің шынымен де мемлекет басшысына тиесілі екенін растады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Президенттің тазыларға деген көзқарасы ерекше. Оларды ұлттық құндылығымыз, Ұлы дала мұрасының құнды бөлшегі деп есептейді. Сондықтан да бұл тұқымды сақтап қалуға көп күш жұмсалуы тиіс. Осы бағыттағы жұмыстарды ұтымды түрде ұйымдастыру қажет. Президент мемлекет және жеке тұлғалар тарапынан тазының гендік қорын көбейтуге бағытталған іс-шаралардың барлығын да қолдауға дайын, – деп мәлімдеді мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Сурет желіге халықаралық әйелдер күнінде «Керемет күн. Таңғы серуен. Көктемнің осы тамаша күнінде Мемлекет басшысы барлық әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтады» деген жазбамен жарияланды.

Жалпы елімізде итбегілікті спорт түрі ретінде ресми тұрғыда тану бойынша белсенді жұмыста жүргізілуде. Тазы мен төбеттің тұқымын көбейтіп, жарыс өткізу, спорт секцияларын және жетекші федерацияның филиалдарын құру, ЮНЕСКО қорына қосу көзделіп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу