ШҚО-да тергеуші-әйел қызметкерлер кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстарды тергейтін болады
Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев өзінің Шемонаиха ауданына барған жұмыс сапарында Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесті. Облыстың бас полицейі ҚР ІІМ-нің міндеттері туралы айтып, осыған байланысты бірқатар тапсырмалар берді.
Атап айтқанда, С.Мадиев жасөспірімдер қылмысының алдын алуға ерекше назар аударды, себебі кәмелетке толмағандардың қылмыстар, соның ішінде ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстар жасауы жалғасуда.
Сонымен бірге, балалар мемлекеттің қамқорлығына мұқтаж. Кейбір жағдайларда олар жыныстық сипаттағы қылмыстың құрбаны болуда. Мұнда тергеушілерді мамандандыруды қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жәбірленушілермен жұмыс істеу үшін әйел қызметкерлерді дайындап, оқытуды қарастыру қажет. Жұмыстың осы бағытына жауапты қызметкерлер бекітілсін, - деді С.Мадиев.
Айтылған міндеттерді ескере отырып, ШҚО ПД бастығы жеке құрамнан жұмысты ұйымдастыруды қайта қарауды, ал басшылардан қызмет өткеру тәртібіне бақылауды күшейтуді талап етті. Кездесу соңында жергілікті полиция қызметінің жұмысына да ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті С.Мадиев.