«Nur Otan»: Үржар ауданында 160 шақырымнан астам жол жөнделеді
«Nur Otan» партиясынан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қарашев Мамырбек Бақтығазыұлы мен партияның Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері Көлденең ауылдық округінің мәдениет үйінде үгіт-насихат жұмыстары бойынша ауыл тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында жиналғандарға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сонымен қатар азаматтар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.
- Денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыруға, медициналық мекемелерді толыққанды технологиялық қайта жабдықтауға, медициналық персоналдың құзыретін арттыруға бағытталған түбегейлі өзгерістер қажет. Ауылдық медицинаны материалдық-техникалық және көліктік қамтамасыз ету, шалғайдағы және жетуі қиын ауылдарда тұратын тұрғындар үшін дәрілердің қолжетімділігі мәселелері кезең-кезеңімен шешілетін болады, - дейді Мамырбек Қарашев.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы ауданның 111 медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, ауылдарда 4 дәрігерлік амбулаторияның құрылысына, денсаулық сақтау нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол жеткізеді, соның ішінде Көлденең ауылында 2024 жылға қарай денсаулық сақтау нысанын жөндеу жоспарланған.
Сонымен қатар, партия аудандағы жолдардың сапасын жақсартуды көздейді.
- Біздің міндетіміз – 2025 жылға қарай жергілікті жолдарды сапалы жөндеу. «Бестерек-Ер Қабанбай», «Үржар-Қызылту», «Таскескен-Бақты-Егінсу», «Қарабұта-Ақшоқы», «Үржар-Барқытбел-Қарабұйрат» жолдарына, Шолпан, Барқытбел, Малак, Жоғары Егінсу, Амангелді, Қарамойыл, Сегізбай ауылдарына кірме жолдарды орташа жөндеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ауыл ішіндегі жолдарға асфальт төселеді. Жалпы аудан бойынша 162,8 шақырым жол жөнделмек, - дейді кандидат.
Осы шараларды іске асыру жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 78,5%-дан 91,9%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
"Nur Otan" партиясы Шығыс Қазақстан облысы сайлау қорының қаражатынан төленді