Үржар ауданында 2021 жылы 60 пәтерлі тұрғын үй бой көтереді — Nur Otan
4 қаңтар күні Nur Otan партиясынан облыстық маслихат депутаттығына кандидат Қарашев Мамырбек Бақтығазыұлы және оның сенімді өкілдері, партияның Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері, белсенді жастар Бақты ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесуге жиналғандар партияның сайлауалды бағдарламасының жай-жапсарымен танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ облыстық маслихат депутаттығына үміткер округ халқына 2025 жылға дейін атқарылатын жұмыстарға тоқталып, әрбір қойылған сауалдарға толыққанды жауап берді.
- Партиямыздың басты мақсаттарының бірі – мұқтаж жандарды баспанамен қамту. Қолжетімді тұрғын үй салу экономиканы дамытып, жұмыспен қамту көрсеткішін де өсіреді. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған "7-20-25" бағдарламасы ипотекалық несиелендіруге және тұрғын үй құрылысына үлкен серпін бергенін айта кеткен жөн. Үржар ауданында бүгінде тұрғын үй кезегінде 937 адам тұр. Жоспар бойынша 2021 жылы 60 пәтерлі тұрғын үй, Үржар ауылында 3 тұрғын үй (бір 30 пәтерлі және екі 60 пәтерлі), Мақаншы ауылында 2 тұрғын үй (екі 30 пәтерлі) және ауданы 20 мың шаршы метрді құрайтын 250 жеке тұрғын үй салынады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай 1000-нан астам адам тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, - деді өз сөзінде Мамырбек Қарашев.
Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облысы cайлау қорының қаражатынан төленді

Оқи отырыңыз