Nur Otan: Еңбек дауларын шешу тәртібі жеңілдейді
26 желтоқсан күні «МАЭК Казатомөнеркәсіп» ЖШС ұжымы қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер: Андрей Могилин және Шамсадин Гусейновпен кездесіп, «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылдағы жұмыс жоспарымен танысты. Саяси ұйымның мемлекетіміз бен өңіріміз үшін мүделлі жұмыстарын білді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биыл дүниежүзіне таралған пандемияға байланысты Қазақстан да басқа елдер сияқты қиын кезеңді бастан кешіруде. Дегенмен қиындықтарға қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жұмыстанып жатқанын атап өтті кандидаттар. Сонымен қатар олар партияның мақсаты қызмет жасап тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу, жаңа жұмыс орындарын ашу, сол арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру екенін баса айтты.