"Nur Otan" партиясының мүшелері жастармен жүздесті
"Nur Otan" партиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директоры Дәурен Сағынғалиев пен жеке кәсіпкер Ринат Қалауғалиев жастармен жүздесті. Кездесу барысында үміткерлер сайлау науқанының маңызды екенін ескертіп, жастарға қолжетімді жобалар мен "Nur Otan" партиясының аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасы аясында жастарға қолдау көрсетудің мақсаты мен міндеттерін түсіндірді. Алдымен сөз алған Д.Сағынғалиев биыл Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болғанын, бірақ осы сын-қатерлерге қарамастан "Nur Otan" партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, ауданды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатынын жеткізіп, жастарға кәсіпкерлік бағытында кеңес берді.
Оқи отырыңыз