KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
516.91 586.33 6.3

Өскеменде ұлттық құндылықтардың ұлықталуына үлес қосамыз – Әскерхан Ақтай

24.12.2020, 18:29 313

«Nur Otan» партиясының атынан Өскемен қаласының мәслихатына кандидат Әскерхан Ақтай журналистерге алдағы жоспары және мақсаты туралы айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Әлбетте біз ең әуелі қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып, дамуына үлес қосқымыз келеді. Осы жолда партияның сайлауалды бағдарламасын жүзе асыру негізгі міндетіміз. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелер қашан да басты назарда. Көпшілікке белгілі, қыркүйек-қазан айларында праймериз өтті. Партияішілік іріктеу кезінде қоғам өкілдерімен көптеген кездесулер ұйымдастырдық. Әсіресе қала тұрғындарының тыныс-тіршілігімен етене жақындастық. Сол арқылы көкейкесті мәселелерді көре алдық. Енді түйіткілдерді шешуге күш саламыз, – дейді Әскерхан Қуанбайұлы.

Үміткердің пікірінше, алыс-жақын шетелдерден келіп жатқан қандастарға қолайлы жағдай жасап, қол ұшын беру де маңызды мәселенің бірі. 

– Мен «Отандастар» қорының Шығыс өңіріндегі өкілі ретінде қандастар мәселесіне қаузағым келеді. Оларға кез-келген жағдайда көмек көрсету керек. Ортаға бейімделуіне жағдай жасап, белгілі жеңілдіктермен қамтылуын қадағалауға тиіспіз. Сондай-ақ мәдениет және өнер саласына қатысты бірқатар жоба-жоспарларымыз бар. Әсіресе облыс орталығында ұлттық спорттың дамуына, ұлттық құндылықтардың ұлықталуына үлес қосамыз, – дейді Әскерхан Ақтай.



Материал «Nur Otan» партиясы, Өскемен қалалық филиалының тапсырысы бойынша дайындалды 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу