KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, З
481.84 531.33 5.07

«Nur Otan» партияішілік іріктеу өткізеді. Неліктен?

10.06.2020, 11:36 180

«Nur Otan» партиясы жуық арада праймериз өткізбек. Яғни партияішілік іріктеу болады.

«Праймериз» терминін ағылшын тілінен аударар болсақ, «алдын ала сайлау» деген мағынаны білдіреді. Яғни белгілі бір партияның белсенділері өзара бақ сынасып, шын көшбасшыны анықтауға тырысады. Бұл ертең күні сайлауда партияның көздеген мақсатқа жетуіне көп мүмкіндік бермек. Ал онысызда билік басында жүрген «Nur Otan»-ға партияішілік іріктеу не үшін қажет? Бұл сұраққа жауап ретінде аталмыш партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунковтың сөзін ұсынуға болады:

«Партияішілік іріктеу өткізу бүгінде әлемдік тәжірибеде бар дүние. Алайда біздің елімізде бұл тұңғыш рет өтпекші. Күні кеше «Nur Otan» Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта партияішілік таңдау, яғни праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойды. Партияішілік таңдауға қатысу өзіндік көзқарасы мен айтар ойы бар ортасына беделі тұлға үшін бірегей мүмкіндік болмақ. Праймериздің басты мақсаты Парламент Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық корпусты нығайту, партиялық желі бойынша ілгерілету, мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау».

Қазіргі таңда елдік бірлігімізді ұрпақтан ұрпаққа үзбей жалғастыру жастардың қолында. Ортақ тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайды. Ендеше праймеризге белсенді, ойлы жастар міндетті түрде қатысуы тиіс. Себебі мұндай жоғары мүмкіндік бұрын соңды болған емес.

Партияішілік іріктеу 17 тамыз бен 3 қазан аралығында өтеді. Толық ақпарат алу үшін  және праймериз ережесімен танысу үшін сілтемеге өтіңіз:

https://nurotan.kz/primaryze?lang=kz

 

"Nur Otan" партиясының облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі
Мирас Малгаждаров

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив