KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Білім сапасы Nur Otan партиясының ерекше бақылауында

22.12.2020, 18:41 152
Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабында Nur Otan партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер – Өскемендегі №38 орта мектептің директоры Инесса Чернышова, «Востоквзрывпром» ЖШС директорының орынбасары Руслан Абдрасулин, «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бақыт БАҚ өкілдерімен және блогерлермен брифинг өткізді.

Онда әр кандидат партияның сайлауалды бағдарламасын жиналғандарға таныстырды. Мұнан соң тілшілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Мәселен, білім саласының өкілі Инесса Чернышова еліміздегі жетекші партия білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөліп отырғанын атады.

– Бәріңізге белгілі, 21 ғасырда білімсіздің күні қараң. Еліміздің ертеңі де осыған тікелей байланысты. Қазіргі таңда облыста 791 мектепке дейінгі мекеме, 646 мектеп, 82 колледж және 7 өңірлік ЖОО бар. Пандемия кезінде қалалық немесе ауылдық мәртебесіне қарамастан, барлық толық комплектілі мектептер қашықтан оқытуға көшті. Аталған кезеңде кең жолақты сапалы интернетпен жүз пайыз қамтыдық. Алайда, сапалы интернет сапалы біліммен қамту дегенді білдірмейді. Сондықтан, білім сапасын жан-жақты арттыру біздің тұрақты назарымызда. Партияның алдында тұрған басты міндеттің бірі – балабақшалар құрылысы. 2020-2025 жылдар аралығында облыста 5100 орынға шақталған 9 балабақша салу жоспарлануда. Сол арқылы сұранысты жүз пайыз жабамыз. Сондай-ақ 5540 орынға арналған 7 мектеп салыну жоспарлануда. – деді Инесса Чернышова.

Бұдан бөлек өңірдегі барлық мектептер цифрландырылып, шекаралық аймақта орналасқан Зайсан, Күршім, Катонқарағай, Тарбағатай және Үржар аудандарындағы білім ордалары күрделі және ағымдағы жөндеуден өтпек. Жалақының артуы да педагогтардың сапалы білім беруіне басты кепіл болмақ. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ҰБТ қорытындысы бойынша 100-ден жоғары балл алған түлектер саны 28 пайыздан 35 пайызға дейін артып отыр.

Ал «Востоквзрывпром» ЖШС директорының орынбасары Руслан Абдрасулин кәсіпкерлікті қолдауға байланысты қолға алынған мемлекеттік бағдарламаларға жан-жақты тоқталды. 
Атап өтерлігі, биылғы жылдың пандемияға байланысты ауыр өтуіне қарамастан, кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан қолдау еш тоқтаған емес. Несиелеу жариялы түрде жүргізіліп, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында жыл сайын 1300 кәсіпкер, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының аясында 2025 кәсіпкер несие алып, кәсібін дөңгелетуде. Сондай-ақ кәсіпкерлік негіздерін үйрету де қарқынды іске асырылуда.         
  Кездесуде «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бақыт Nur Otan партиясының сайлауды бағдарламасының өңірді дамытуға арналған жеті басымды бағытына тоқталып, өзі партия құрамында болған 11 жыл ішінде партияның қол жеткізген жетістіктерін айтып берді.
Сонымен бірге партияның жастарды қолдауға бағытталған ауқымды жобалары туралы да сөз қозғады. 


Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлау қорынан төленді

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив