KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 1 м/с, С
507.07 572.53 6.37

Жастар жазда ауылға барудан бас тартып жүр (видео)

18.04.2025, 17:00 5 753 Гульжан Мусина

Altainews.kz медиа алаңында өткен кезекті подкасттың қонақтары — ШҚО Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ермек Бейбітұлы мен кәсіпкер, бизнес-тренер Динара Мамырбекова болды.

Сұхбат барысында қонақтар қазіргі жастардың өмір салты, қаржылық сауаттылығы, ауыл мен қала арасындағы байланыс, еңбекке көзқарасы сынды маңызды тақырыптарды қозғады. Жастардың жазғы уақытын қалай өткізетіні, неге көпшілігі ауылға көмектесуге барудан бас тартып жатқаны да кеңінен сөз болды.

Ермек Бейбітұлы қазіргі таңда жастар арасында кездесетін мәселелерге — тұрақсыз табыс, жұмыссыздық, қаржылық жауапкершіліктің болмауы және құмар ойындарға тәуелділік секілді факторлардың әсер етіп отырғанын атап өтті.

Ал Динара Мамырбекова жастардың өз уақытын тиімді басқаруы, кәсіп ашуға ұмтылысы мен табысқа жету жолында қандай қателіктерге жиі бой алдырса, оны қалай болдырмауға болатыны жайлы тәжірибесімен бөлісті.

Жастар неге тек ақша табуды армандайды?
Құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?
Ауылмен байланыс неге үзілуде?
Құмар ойынға тәуелділік — уақытша әуестік пе, әлде әлеуметтік індет пе?

Осы және өзге де өткір сұрақтарға нақты жауаптарды подкасттан тыңдай аласыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу