Жеке кәсіпкерлікті қалай ашуға болады?
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда ЖК ашудың екі жолы бар:
- Электронды түрде;
- Өзі келу – мемлекеттік кірістер басқармасы арқылы, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) жеке бару арқылы.
Онлайн әдістің артықшылықтары:
- максималды қарапайымдылық;
- жылдамдық (бірнеше минут ішінде ЖК болу).
Өзі келу тәртібі – мемлекеттік кірістер органының немесе ХҚКО қызметкеріне барлық қызықтыратын сұрақтарға нақты жауаптар және толық ақпарат алуға мүмкіндік бар.
Интернет арқылы ЖК тіркеудің 3 жолы бар:
- Egov.kz немесе elicense.kz. арқылы. Бұл электрондық үкімет порталы.
- «E-Salyq business» қосымшасында. Қосымша Мемлекеттік кірістер комитетімен әзірленген.
- Кейбір банктердің (Kaspi, BCC, Halyk, JusanBank, BankRBK, FreedomBank) мобильді қосымшалары арқылы.
Egov.kz. арқылы ЖК ашу
- Egov.kz. сайтына кіреміз.
- «Бизнес» бөлімін басыңыз.
- «Бизнесті тіркеу және дамыту» бөлімін таңдаңыз.
- «Бизнесті тіркеу және тарату» қойындысында қызметтер тізімі көрсетіледі. «Барлығын көрсету» түймесін басу керек.
- «Жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы хабарлама» бөлімін таңдаңыз.
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз. Жүйеге кіреміз және оған тіркелеміз.
- Электрондық лицензиялау Elicense.kz. порталының парақшасына кіреміз.
- «Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталуы туралы хабарламаны» басыңыз.
- Ұсынылған нысанды толтырамыз (тіркеу есебінде ЖК болатын мемлекеттік кірістер органын таңдау, сондай-ақ өтініштің барлық өрістерін толтыру).
- Оған электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
«E-salyq Business» МҚ арқылы ЖК ашу
Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберу үшін App Store немесе Play Market қосымшалар дүкендері арқылы «E-salyq Business» мобильді қосымшасын жүктеп алып, тіркеуден өту қажет. Қосымшада «ЖК тіркеу» бөліміне өтіп, деректемелерді толтыру қажет. Деректемелерді толтырғаннан кейін өңдеуге жіберіңіз. Қалыптастырылған сұрау салуға ЭЦҚ қосымшасында қол қойылады, содан кейін 1 жұмыс күні ішінде ЖК есепке қою жүзеге асырылады.
Банктің мобильді қосымшасы арқылы ЖК ашу
Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу үшін App Store немесе Play Market қосымшалар дүкендері арқылы тиісті Банктің мобильді қосымшасын жүктеп алып, тіркеуден өту қажет.
Қосымшада «Қызметтер» бөліміне өтіп, «ЖК тіркеу» жолын таңдап, оны толтыру қажет. Деректемелерді толтырғаннан кейін өңдеуге жіберіңіз.
Қалыптастырылған сұрау салуға ЭЦҚ-мен қосымшаға қол қойылады, содан кейін 1 жұмыс күні ішінде ЖК есепке қою жүзеге асырылады.
ЭЦҚ алдын ала қашықтан, сондай-ақ Egov.kz. электрондық үкімет сайтында ресімделуі қажет екенін ескеріңіз.
Қазақстанда ЖК онлайн ашу қанша тұрады?
Тіркеу рәсімі тегін.
Хабарлама жіберілген сәттен бастап бизнеспен айналысуға мүмкіндік береді және жеке кәсіпкер ретінде тіркеудің бар екендігінің дәлелі болып табылады, бұл қызмет тегін көрсетіледі.
Маңызды! Тіркеу кезінде болашақ ЖК – дің деректемелері мен параметрлерін, атауын, қызмет түрін (ЭҚЖЖ) және салық салу режимдерінің бірін көрсету қажет.