KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 0,6 м/с, СШ
480.63 535.13 5.27

Жеке куәлікті қалай алуға болады?

фото: yandex.kz

27.08.2024, 16:37 153 Айжанат Бақытқызы

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы 16 жасқа толғаннан кейін жеке куәлік алуға міндетті. Жеке куәлік 10 жылға беріледі.

Қызмет алушыға мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Жеке куәлік ҚР ІІМ «Азаматтарға арналған үкімет» (ХҚКО) КЕАҚ филиалдары арқылы беріледі.

Куәлікті рәсімдеу үшін мемлекеттік баждың құны – 0,2 АЕК (2024 жылы - 738,4 теңге ). Рәсімдеу мерзімі – 15 жұмыс күні.  Тездетіп алу үшін аймаққа байланысты қосымша ақы талап етіледі.

ҚР азаматтарының 10 күннен 1 айға дейін жеке куәліксіз жүргені үшін «ескерту» жарияланады. Аталған мерзім өтіп кеткеннен кейін азамат 7 АЕК (2024 жылы – 25 844 тг) мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.  Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта болған ұқсас бұзушылық үшін 13 АЕК ( 2024 жылы – 47 996 тг) мөлшерінде айыппұл салынады.

Жеке куәлікті алу үшін кез-келген Халыққа қызмет көрсету орталығына келесі құжаттармен жүгіну қажет:

*Туу туралы куәлік;

*Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (бар болса);

*Ата-анасының бірінің жеке куәлігі. Егер бала шетелде туса, ал ата – анасының бірі шетелдік болса, онда балаға Қазақстан Республикасы азаматының паспортын рәсімдеуге оның нотариалды келісімі қосымша қажет;


*Мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек немесе мемлекеттік бажды төлеуден босатылғанын растайтын құжат керек.

      Мемлекеттік бажды төлеуден кімдер босатылады?

•    Кеңес Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері;

•    үш дәрежелі «Даңқ» орденімен және үш дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен марапатталған, «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Еpi» атақтарына ие тұлғалар;

•    «Батыр Ана» атағына ие, «Алтын алқамен», «Күмiс алқамен» марапатталған көп балалы аналар;

•    Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградасы бар тұлғалар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскерде болған) және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградаталмаған тұлғалар, мүгедектер, сондай-ақ, бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі;

•    Қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, мемлекеттік балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан, балалар үйінде және (немесе) интерната тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

•    Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив