KZ
Өскемен
-1°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

ШҚО: 82 мың тұрғын ХҚКО арқылы төлқұжат пен жеке куәлік алды

Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

5.01.2024, 09:41 194 Ләззат Қанатқызы

2023 жылы 2,6 миллионнан астам қазақстандық Азаматтарға арналған үкіметтен төлқұжат пен жеке куәлік алды. Оның ішінде ШҚО бойынша  82 мыңнан астам төлқұжат пен жеке куәлік берілген.

Ал, Астана мен Алматы қалаларында орнатылған құжаттама терминалдары арқылы соңғы бір жылда 19 мыңға жуық адам өтініш берген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Терминалдар уақытты үнемдейді және бірнеше минут ішінде өтініш беруге мүмкіндік береді. Азаматтардың ыңғайлылығы біздің жұмысымыздың басымдығы және біз мемлекеттік қызметтерді көрсетуді одан әрі де жетілдіріп, әрбір қазақстандық үшін мүмкіндігінше тиімді және жедел болатындай етеміз» - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Сондай-ақ, атап өтер болсақ, 2024 жылға келесідей мемлекеттік баж алымы белгіленді: ҚР азаматының 36 парақты төлқұжаты үшін – 8 АЕК, 48 парақты төлқұжат үшін – 12 АЕК, 24 парақты төлқұжат үшін (16 жасқа дейінгі балаларға) - 4 АЕК. Жеке куәлік үшін төлем 0,2 АЕК-ті құрайды.

 Айта кетейік, өткен жылы төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру сұраныстағы үшінші мемлекеттік қызмет қатарынан табылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу