KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Монополияға қарсы органға ақпарат бермеген қызметкер жазаланды - ШҚО

шартты сурет: flectone.ru

9.04.2024, 12:55 134 Оразай Жеңісұлы

«ШҚО Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы белгіленген мерзімде монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл жөнінде ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Аталған факті бойынша Департамент «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 162-бабы бойынша және Бөлім басшысының кінәсін мойындауын ескере отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады, ӘҚБтК-нің 811-бабының 1-бөлігіне сәйкес қысқартылған іс жүргізу тәртібімен әкімшілік жаза қолданылды, әкімшілік айыппұл сомасы 184 600 теңге.

Қазіргі уақытта бөлім басшысы әкімшілік айыппұлды толық көлемде төледі.

       

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу