KZ
Өскемен
-1°
переменная облачность жел 1 м/с, С
492.22 529.38 5.03

Бұқтырма жағалауында туризмді дамыту үш кезеңмен жүргізіледі

Фото: ашық дереккөз

21.04.2023, 17:27 2 918

Қазіргі уақытта облыс әкімі Даниал Ахметовтің Жаңа Бұқтырма кентіндегі туристік аймақты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес кентті абаттандыру дайындығы бойынша кешенді жұмыс басталды.

Аталмыш іс-шараларды толық аяқтауды үш кезеңде жүзеге асыру жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

– Бірінші кезеңді іске асыру, яғни Жаңа Бұқтырма кентінің орталық бөлігін абаттандыру биылдан басталады. Оның жобасы әзірленіп, кенттегі инфрақұрылымға қатысты төмендегі біршама жұмыстарды атқару кіріп отыр, – деді ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабақов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында. Олардың қатарында:

 

- кварталдық жылумен жабдықтау желілерін қайта құру;

- жолдарды күрделі жөндеу (Абай көшесі мен Школьная көшесі кенттің орталық бөлігін абаттандыру аймағы шегінде);

- аумақты абаттандыру (Абай көшесіндегі кенттің орталық бөлігі). Асфальт-бетон өткелдер мен автотұрақтарды жабу (3,8 мың м2), жаяу жүргіншілер жолдарын төсеніштермен жабу (25,3 мың м2), жарақатқа қауіпсіз жабын (1,8 мың шаршы метр), роликтерге, скейтбордтарға және скутерлерге арналған памп-тректің асфальт-бетон жабыны (413,3 шартты метр), резеңке үгінділерден жасалған веложолды жабу (1,1 мың шаршы метр), резеңке үгіндісі бар баскетбол алаңын жабу (420 шаршы метр), минифутбол алаңын жасанды жабынмен жабу (420 шаршы метр). Абай көшесі бойындағы жолдың және өтпелердің (3,7 мың м), жолдар мен алаңдардың (13,4 мың м) борттық тас құрылысы. Құны – 1,975 млрд теңге;

- саябақ және серуендеу аймақтарын жарықтандыру;

- көгалдандыру, шөп егетін көгалдарды орнату, гүлзарлар, сібір шыршасы, қайың, ұсақ жапырақты қарағаш отырғызу қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив