ХХХІ Жазғы универсиада: ел қоржынына алғашқы медаль түсті
Фото: news.cn
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада дзюдошы Сұңғат Жұбатқан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Altaynews.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Сұңғат қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевты ұтты.
Жарыста С.Жұбатқан мажарстандық, түрікменстандық және әзербайжандық дзюдошыларды қапы қалдырды. Тек жартылай финалда жапониялық спортшыға жол берді.
Жазғы универсиада 8 тамызға дейін жалғасады. 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық сынға түсіп жатыр.
Оқи отырыңыз