KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1,1 м/с, В
479.38 531.63 5.27

Медициналық тексеруді жеделдететін құрылғы

9.11.2023, 17:36 177 ALTAINEWS

Жас өнертапқыш Шыңғыс Құлахмет жетекшілік ететін MED365 компаниясының адам денсаулығын жылдам тексеріп, нақты қорытынды шығаратын медициналық құрылғылары қолданысқа кеңінен еніп жатыр.

Әлеуметтік маңызды жобамен ел Президентінің өзі арнайы танысып, жоғары бағалаған болатын, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Алып кәсіпорындар мен өндіріс орындарындағы еңбеккерлердің жұмысқа жарамдылығын аталмыш компанияның медициналық құрылғыларымен тексеру уақыт үнемдеп, шынайы ақпаратпен қамтиды. Адам болған соң тексерушінің қателесіп жататыны жасырын емес. Ал арнайы құрылғы анықтап, нақтылаған шешімді ешкім өзгерте алмайды. Ол жұмыс берушіге қауіпті жұмысқа баратын маманның денсаулығына байланысты шынайы шешім айтады. Нәтижесінде қауіпсіздік қағидалары ескеріліп, оқыс оқиғалар азаяды.

Жуырда Астананың №3 автобус паркіндегі Үкімет мүшелерінің және «City Transportation Systems» ЖШС өкілдерінің қатысуымен өткен жиында MED365 компаниясы ұсынған құралдың мүмкіндіктері көрсетілді.

Ол жүргізушіні автоматты түрде биометриялық сәйкестендіруден өткізіп, көз қарашығының жарыққа реакциясын, алкогольдік масаңдығыны тексереді, дене температурасын, қан қысымын, пульсін өлшейді. Бұл үрдіске 1 минут уақыт жұмсалады, сондай-ақ ашықтық қамтамасыз етіліп, қағазбастылық қысқарады әрі жүргізушілерді тексеру нәтижелерінің электрондық тізімі жүргізіледі.

Медициналық жабдықты автопарктегі медицина қызметкерлерінің бақылауымен бір ай бойы сынау жоспарланып отыр. Тестілеу қорытындысы бойынша оның қолданыс аясын кеңейту мәселесі мүдделі тараптармен талқыланатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив