Еліміздегі ең алғашқы Америка бұрышы Өскеменде ашылған
Биыл А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында орналасқан Американ бұрышына 20 жыл толады.
Бүгін осы мерейтойлық датаға орай, кітапхана ғимаратында ерекше іс-шара өтіп, оған АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісінің орынбасары Джуди Куо ханым мен облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов қатысты, – деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Айта кетейік, орталықтың тағы бір ерекшелегі, мұнда осыдан алты жылы бұрын АҚШ елшілігінің және Chevron компаниясының мұрындық болуымен ашылған Makerspace шығармашылық алаңы нәтижелі жұмыс істеп тұр.
Олардың айтынша, 20 жылдың ішінде Өскемендегі Америка бұрышы мен Makerspace-ке 300 мыңнан астам қонақ келіп, сан алуан бағдарламаның игілігін көріп, ерікті ретінде шыңдалған.
Іс-шара аясында кеш қонақтарының назарына шағын мерекелік концерт ұсынылып, артынша осы салада жемісті еңбек етіп жүргендерді марапаттау рәсімі өтті.